Қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Шымкент қаласы бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай бойынша «жасыл аймақта» орналасқан. Қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.
Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істейді. Бүгінде қалада ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8 742-ге жетті. 641 тұрғыннан «сары» статус, 1650 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.
Сондай-ақ, бүгінге дейін барлық аудан бойынша 41 817 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2541 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелді.
Пікір қалдыру