Орегона штатындағы атыста 10 адам қаза тапты (Фото)

/uploads/thumbnail/20170708195403042_small.jpg

1 қазан күні таңертең Орегона штатының оңтүстік-батысында орналасқан Umpqua Community колледжінде қырғын атыстың нәтижесінде 10 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы nbcnews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Атысты шығарған бүлікші өз құрбандарын өлтірмес бұрын олардың діни наным-сенімі туралы ақпарат талап еткен көрінеді. 
Бүлік шығарған адам Дуглас округы өкілдерімен болған атыста қаза тапты деп мәлімдеді шериф Джон Ханлин. Көптеген құқық қорғау органдары оның тұлғасын анықтапты. Қылмыскер 26 жастағы Крис Харпер Мерсер болып шықты. Бірақ, шериф Джон Ханлиннің айтуынша, мұндай сорақы әрекетке барған адамның атын шығарудың қажеті жоқ.

«Біздің тараптан ендігі ретте оның есімін естімейтін боласыздар, атын атауға ол тіпті лайық емес», - деді Ханлин бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде.

Штаттың бас прокуроры Эллен Розенблюм және өзге де ресми тұлғалар ең алғашқы баяндамаларында Роузбург аймағында болған оқиға нәтижесінде 13 адам қаза тапты деп айтқан болатын. Бірақ тергеу жұмысының барысында, бұл ақпараттың қате екені анықталды. «Мынадай қорқынышты жағдайдың аясында, бір адамды бірнеше рет санап жіберген болуымыз керек», - деп пікір білдірді қателескендер.

«Қазіргі таңда 10 адамның қаза тапқаны жөніндегі ақпарат ең нақты екеніне сенім білдірулеріңізді сұранамыз», - деді Ханлин мырза.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, оқиға орнынан 4 қару табылды: 3 тапанша және AR-стиліндегі зеңбірек.

«Біз үшін бұл өте ұзақ әрі өте қасіретті күн болды. Бірақ, көптің еңсесі құламас үшін біздің бекем болуымыз керек», - деді колледждің уақытша президенті Рита Канвин журналистерге берген сұхбатында.

Ал АҚШ президенті Барак Обама қоғамда қарудың кең таралғанына көңілсіздік білдіруде. «Дәл мына жағдайда жай ғана дұға қылу жеткіліксіз, іске көшу керек», - деп пікір білдірді.

Назгүл Назар

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар