Бұрынғы министр, депутат Темірхан Досмұхамбетов қайтыс болды

/image/2021/11/01/crop-14_9_653x1162_news_full1635774419849bc429371df7d22346fdb0876a26fa.jpg

Екі мәрте министр, мәжіліс депутаты, әкім болған мемлекет қайраткері Темірхан Досмұхамбетов өмірден өтті. Бұл туралы Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігінің ұжымы хабарлады. Темірхан Досмұхамбетов агенттік ұлттық кеңесінің төрағасы болған.

Темірхан Досмұхамбетов 1949 жылы Қостанай облысында дүниеге келді. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірді, 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді.

Институтты аяқтаған соң, Кеңес әскері қатарында әскери қызмет атқарған..

1973-1985 ж.ж. – Киров атындағы Қызыл Ту ордені Қазақ мемлекеттің университетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасы ҒЗЖ бөлімі оқытушы, ассистент, аға оқытушы техникалық бөлімнің меңгерушісі, 1985-1991 ж.ж. – «Еңбек резервтері» Қазақ Республикалық БЕСҚ Кенес төрағасының орынбасары, төрағасы, 1991-1996 ж.ж. – Туризм жөніндегі «Яссауи» Мемлекеттік Акционерлік Компаниясының президенті, 1996-1997 ж.ж. – Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрі, 1997-1998 ж.ж. – Туризм және спорт жөніндегі Комитетінің төрағасы, 1998-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы, 2003-2004 ж.ж. – Астана қаласының әкімі, 2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқарушысы қызметтерін атқарған.

2006-2011 жылдары спорт және туризм министрі болған. Бесінші шақырылымда сайланған мәжіліс депутаты болған.

Соңғы жылдары Алматы облысындағы агорөнеркәсіпкешені саласындағы ірі холдинг "Байсерке Агро"-ға жетекшілік еткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар