Айына 5 мың теңге төлейтін пәтерге құжат қабылдау басталды

/image/2021/11/02/crop-82_63_730x974_747.jpg

Нұр-Сұлтанда 4 қарашадан бастап жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге өтінім қабылдау басталады.  

Құжаттарды 4 қараша мен 11 қараша аралығында 9:00-ден бастап 23:59-ға дейін тапсыруға болады.

Тиісті құжаттардың толық тізімін мына сілтемеде көрсетілген.

Арендалық баспана тек 5 жылға беріледі. Пәтердің ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 - 15 000 теңге аралығында.

Құжат электронды түрде тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады:

• 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматы; 

• Орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және ресми жұмысы бар;

• Нұр-Сұлтан қаласында кемінде соңғы екі жыл тұрақты тіркеуі бар;

• Өтініш беруші мен отбасының қалған мүшелерінің меншігінде соңғы 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтер болмауы керек;

Төлем қабілеттілігі расталуы міндетті (ай сайынғы табыс кемінде 116 680 теңге болуы қажет).

Өтінім беруші ең алдымен, ЭЦҚ кілтін алуы қажет, ал тізімдегі анықтамалар өтініш берген сәтте 10 күннен кешіктірілмей алынуға тиіс.

Баспана балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. 

Отбасылы болса, 5 балл, некенің әр жылы үшін – 2 балл;

Бала болса, 1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;

Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін – 1 балл;

Нарық сұранысына ие 100 мамандықтың бірін игерген өтініш берушіге – 10 балл;

Немінде 1 жыл жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;

Өтініш берушінің әртүрлі қызмет саласында жеке жетістіктері болса (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;

Банктердегі жинағының әрбір жылы үшін – 2 балл.

Жалға берілетін тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдағаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде өтініш беруші мен уәкілетті орган арасында тұрғын үйді жалдау шарты жасалады. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар