Ресей қарулы күштерінің Сирияға әуеден жасаған шабуылдарының нәтижесінде 1 тәулікте «Ислам мемлекеті» содырларының 12 нысаны жойылғаны туралы әлемдік БАҚ жазуда. Осыдан кейін Сириядағы жанжалға «ан-Нусра» радикалды ұйымы араласып, ресейлік бір солдаттың басына 1 миллион лир сыйақы ұсынғанын мәлімдеген. Бұл шамамен 10 АҚШ доллары. Ресейлік журналист Илья Варламов Twitter әлеуметтік желісіндегі исламистердің жазбасын көрсеткен.
Бұл туралы «Қамшы» порталы haqqin.az сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Жергілікті радикалды ұйым. Бірақ, «Ислам мемлекеті» емес, «ан-Нусра» деп аталатын ұйым әрбір ұсталған ресейлік жауынгердің басына 10 мың доллар тіккен»,-дейді ресейлік журналист.
Айта кетейік, 30-қыркүйек күні РФ президенті В.Путин Сирия аумағына әскер кіргізу туралы құжаттарды жоғарғы парламенттің талқысына жіберген болатын. Дәл сол күні-ақ, парламент құжатты мақұлдаған. Федерация кеңесінде президенттің бастамасын 162 депутат қолдап, РФ Қарулы күштері Сирия территориясына әскер кіргізген.
РФ президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Ивановтың айтуынша, Сирия президенті Башар Асад арнайы Владимир Путиннен көмек сұраған.
Пікір қалдыру