Бір тәулікте мың жарымға жуық адам коронавирус пен пневмония жұқтырған

/image/2021/11/03/crop-21_46_545x968_1635731796g3ugo_1000x768.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, кеше ПТР тест арқылы 1312 адамнан коронавирус, 180 адамнан пневмония анықталған. 17 адам коронавирустан, 7 адам пневмониядан көз жұмған.

Қазақстанда коронавирусқа тапсырған тесті оң шыққан жағдайлардың жалпы саны 943 105 адамға жетті. Оның ішінде 12 152 адам коронавирустан көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасы бойынша 79839 інде жұқтырған. 5049 адам қайтыс болған.

3 қарашадағы мәлімет бойынша 44 412 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 982 пациент стационарда, 36 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 528 адамның жағдайы ауыр, 164 пациенттің жағдайы өте ауыр, 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

3 қарашадағы жағдай бойынша Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта. "Жасыл аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

Соңғы мәліметке сай, елде 8 338 340 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 7 559 996 адам ІI компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар