Алматы қаласы төтенше жағдай департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 4 қараша күні Алматы қаласында қар, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін екенін хабарлады.
"Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 3-5 градусқа дейін айтарлықтай төмендеуі туралы хабарлайды. Осыған орай автокөлік иелеріне Алматы ТЖД көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді. Автокөлігіңізді арнайы автотұрақтың қауіпсіз орындарында қалдырыңыз" делінген ақпараттық хабарламада.
Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен басқа аймақтардың бәрінде күн ашық болады. 4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.
Солтүстік-батыс суық антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайлды, алайда күн суытады. Республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы батыста түнде 1-6 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы, оңтүстікте 3-8 градус суық, күндіз 10 градус жылы болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді, орталықта және ел шығысында түнде 21 градусқа дейін аяз болу мүмкін. Оңтүстік-шығыста сынап бағаны 13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Пікір қалдыру