Рақымшылық. Қанша адам түрмеден шығып, қанша адамның жазасы қысқаратыны белгілі болды

/image/2021/11/03/crop-9_16_415x738_129.jpg

Мәжіліс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев таныстырды.

Министрдің мәліметінше, рақымшылық онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босатуды, кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқартуды көздейді. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, І және ІІ топтағы мүгедектерге, сондай-ақ ішкі істер министрлігі "қоғамға қауіп төндірмейді" деп тапқан адамдарға қолданылады.

Тұрғымбаев ел бойынша 64 мекеме, 16 тергеу изоляторында 34 мың адам бар екенін, олардың ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққанын, 4 мың адам тергеліп жатқанын айтты. Оның 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 32 мың адам пробациялық бақылауда.

Рақымшылық акциясына сай, 2236 сотталушыға, 11310 пробацияда тұрған адамға амнистия жасалады. Оның ішінде 1000 адам қамаудан шығады, 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1294 сотталушыға, 7492 пробацияда тұрған адамға жаза мерзімі қысқартылады.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқартады немесе босату шарасын қолданады.

Қылмыстық кодекстің 78-бабына сай аса ауыр қылмыс жазаған адамдарға рақымшылық қолданылмайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар