Велошабандоз Александр Винокуровтың ісі бойынша тергеу басталды

/uploads/thumbnail/20170708195418676_small.jpg

Бельгияның Льеже қаласында жемқорлыққа барды деп айыпталған қазқстандық велошабандоздар Александр Винокуров пен Колобневтің ісі бойынша қосымша тергеу жүргізіледі. Бұл туралы «Қамшы» порталы astanaproteam.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 «Бельгия прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталған Александр Винокуров пен Александр Колобневке қатысты істі сотқа тапсырғысы келген еді. Алайда  Льеж қаласы кеңесі  тергеудің аяқталғандығы және істі түзету сотына тапсыруға қажетті негіздің бар-жоқтығына қатысты шешім шығаруы тиіс болатын. Қос шабандоздың қорғаушылары қосымша тергеу жүргізу туралы қолдаухатпен жүгінгендіктен шешім қабылданған жоқ», – деп жазады astanaproteam.kz.

Нәтижесінде мәселені қарау және оған қатысты шешім шығару тергеу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылды.

Ал Винокуровтың қорғаушысы Жан-Луи Лодомез Александрдың тарапынан жасалған ескертулерге таң қалғандығын жасармаған.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар