Қазақстанда соңғы екі аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 11 пайызға төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында мәлімдеді.
Соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе (аптасына 33 346 адамнан 11 709 адамға дейін), ал өлім-жітім 4,1 есе (аптасына 761 науқастан 184 науқасқа дейін) азайған.
– Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайызға төмендеді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді, – деді Шоранов.
1 тамыздан бастап республика бойынша инфекциялық төсек-орындар 33%-ке дейін, ал реанимациялық төсектер 27%-ке дейін босаған. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.
Пікір қалдыру