Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан жеткізілетіні белгілі болды

/image/2021/11/04/crop-296_15_1045x1394_747.jpg

Қазақстанға 8-і мен 14 қараша аралығында Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. 

Pfizer вакцинасы 12 жастан жоғары ересектерге, жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге егіледі. 

– Осы жылдың 8-і мен 14 қарашасы аралығында Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде. Көлемі – бұған дейін жарияланған келісімшарттағы міндеттемелерге сәйкес келеді. Бұл – 2 миллион адамға 4 миллион вакцина, – деді Шоранов. 

Вице-министр қазір өңірлермен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын және басқа вакциналар сияқты Pfizer әр өңірге халық санына қарай бөлінетінін айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар