19 диссертациялық кеңес қызметі тоқтатылды

/image/2021/11/04/crop-384_158_2872x3830_777.jpg

Қазақстанда жоғары оқу орындарының 19 диссертациялық кеңесі белгіленген талаптарды сақтамағандықтан 2021 жылы өз қызметін тоқтатты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі. 

Қазіргі уақытта университеттерде тағы 13 диссертациялық кеңес жабылу алдында тұр. 

– Кеңестер құрылған докторантураның кейбір білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтпеген. Бірқатар университетте кеңестің тұрақты құрамы бекітілмеген әрі кеңес құрамында 50% уақытша мүшелердің болуы жөніндегі талаптар сақталмаған. Бірқатар диссертациялық кеңесте ресми рецензенттердің, диссертациялық кеңес мүшелерінің ғылыми жұмысты бағалауы формалды сипатқа ие және жұмыс мазмұнына егжей-тегжейлі талдау жүргізілмейді, – деді білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айында диссертациялық кеңестердің жұмыс істеуі бойынша жаңа талаптар белгіленген. Олардың ішінде диссертациялық кеңестерде уақытша мүшелердің – қорғалатын диссертация тақырыбы бойынша сала мамандарының болуы, рецензенттердің дауыс беруге қатысуы және оларға қатысты шектеулер туралы ережелер бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар