АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

/image/2021/11/05/crop-64_85_537x954_58a191c2-b981-4299-8034-4d3420912ae9.jpeg

Тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанай Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты.

Сондай ақ, қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльмира Созақбаева баяндаса «Сана-сезім» үкіметтік емес ұйымының қызметкері Шахло Юсупжанова және Қаратау аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Бекмурзаева өзекті мәселелер төңірегінде сөз қозғады.

Отырыс соңында айтылған ой-пікірлерді саралап, Президент жүктеген тапсырмаларды үшінші мегаполис аумағында жүйелі іске асыру туралы пікір алмасты.
Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі – отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсаттарын іске асыруға жәрдемдесу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қоғамдық негізде әрекет етеді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және
жастар істері жөніндегі басқармасының
«Қоғамдық келісім» КММ дерегінше, бүгінде Шымкентте түрлі деңгейде 13 Аналар кеңесі (қалалық – 1, аудандық – 4, этномәдени бірлестіктер жанында – 8) бар. Аталған кеңестерге 117 ана мүше.

Айта кетейік, қала аумағындағы Аналар кеңестері жыл басынан бері 87 іс-шара өткізіп, білім мекемелері мен тұрғын алаптарда 52 кездесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар