Бостандық ауданы Нұрлытау ықшам ауданында көмірмен жанатын пештен ақау шығып, салдарынан төрт адам улы газдан уланды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
" 5 қараша күні таңғы сағат 8.30-да Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіне Нұрлытау ықшам ауданында қатты отынмен жылытатын пештің ақауы салдарынан төрт адамнан тұратын отбасының улы газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, олар бұл баспананы жалдап тұрған" делінген хабарламада.
1981 жылы туған әйел ауруханаға жатудан бас тартты, алайда оның 20 және 12 жастағы ұлдары және 11 жастағы қызы орташа және жеңіл дәрежелі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
Тексеру барысында пештегі жарықтың салдарынан үйге түтін таралғаны анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру