Абай шахтасында жарылыс болып 6 адам қаза тапты

/image/2021/11/07/crop-147_18_575x767_6fef4e8e-7cab-4900-bcfa-81d4582b2078.jpeg

7 қарашада Қарағанды ​​облысының Абай қаласындағы шахтада жарылыс болып салдарынан 6 адам қаза тауып,  2 адам жарақат алды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында мәлімдеді.

– Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, – деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook-те.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар