Қарағанды облысы Абай шахтасындағы апат салдарынан қаза болған кеншілердің аты-жөні мен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.
Шахтадағы апат кезінде зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олар газдан қатты уланған. 61 және 58 жастағы кеншілерге қойылған диагноз – токсикогипоксиялық энцефалопатия.
Сонымен қатар қаза болғандың тізімі жарияланды: барлығы – 1968-1990 жылдары туған ер адамдар.
Краус Сергей, 1983 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Шмидт Виталий, 1979 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Абдуллин Наиль, 1990 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Корниенко Сергей, 1971 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Супрунов Алексей, 1987 жылы туған, үйленген, Абай қаласында тұрған.
Скитченко Николай, 1968 жылы туған.
Еске салайық, 7 қараша күні таңғы сағат 08:30 да Абай шахтасында жарылыс салдарынан 6 адам қаза болып, 2 адам жарақат алғаны туралы хабарланған.
Пікір қалдыру