"Біз бақытты отбасымыз". Қазақстанда 200 мыңнан аса әке алимент төлемей жүр

/image/2021/11/08/crop-30_6_395x702_whatsapp-image-2021-11-08-at-17.31.27.jpeg

Бала отбасын бұзылмас қорғанындай көреді. "Бақытты отбасы" дегенде оның көз алдына әке-шешесінің еркелеткені, ботам деп бауырына басқаны келеді. Алайда, "Бақытты отбасы" ролигінің айтпағы басқа.

Елімізде ушыққан мәселенің бірі – балаға алимент төлеуден жалтару. 2021 жылғы 1 мамырдағы статистика бойынша алимент төлемей жүргендер саны 220 785 адамға жеткен. Оның 97%-ы ер адамдар.

Бір шаңырақ астында өмір сүруге бел буып, өмірге сәби әкелген әр отбасы бала алдында үлкен жауапкершілік арқалайды. Өкінішке қарай, елімізде әр үшінші отбасы ажырасып жатыр. Әке-шешесі екі жаққа кеткен бала көбіне анасымен қалады. Ал, әкесі алимент төлеу міндетін мойнына алады. Бала әкесімен қалған жағдайда, анасы алимент төлеуге тиіс.

"Алимент төлеуден жалтарушы жақ" көбіне алимент төлемеу үшін кәсібін туыстарының атына жаздырып, кірісін жасырады әрі бала өміріне мүлде араласпайды.

Заң бойынша алимент төлеуден жалтарғандарға әртүрлі қатал шаралар қолданылады. Шетелге шығу құқығынан айырылады, дүние-мүлкі мен шоттары бұғатталады, көлік жүргізу құқығы да шектеледі.

Ең қатты дегені  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, сот 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа, екі жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар