"Жоғары жалақы сізге қанша болуы керек?". Қазақстандықтардың жауабы

/image/2021/11/08/crop-20_7_423x752_crop-8_6_439x780_photo1634733314.jpeg

Бос ваканциялар туралы хабарландырулар жариялайтын HeadHunter сайтының мамандары қазақстандықтардан қандай мөлшердегі жалақыны "жоғары" деп санайтынын сұраған. Сауалнамаған 2641 адам қатысқан.

Сауалнамада жауап бергендердің тек 6 пайызы ғана өз еңбекақылары жоғары екенін айтса, 9 пайызы "жоғары шығар" деген. 32 пайызы еңбек ақыларының жақсы екенін айтқан. Жұмыс істейтіндердің 53 пайызы жалақысын жоғары деп айта алмайтынын жеткізген.

HeadHunter сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында ұсынылатын ең жоғары орташа жалақы 258 мың теңге, Алматыда – 243 мың теңге.

Сауалнамаға қатысқандар Қазақстан бойынша 450 мың теңге жалақыны жоғары деп санайтынынын мәлім еткен. Алайда бұл – өңірлер бойынша әртүрлі. Мәселен, сауалнамаға қатысқандар Нұр-Сұлтанда жоғары жалақы 560 мың теңге болуы керек десе, Алматыда –  540 мың, Қарағандыда –  510 мың теңге болу керек деген пікірде.

Сондай-ақ жоғары жалақы қандай болуы керек дегенге тұрғындар арасында "жинауға жететіндей, кредитке кіріп кетпейтіндей болуы керек", "квалицикация мен атқарылған жұмысқа сай болуға тиіс", "жылына бір рет демалуы жетуі қажет" деген жауаптар да болған.

Сұралғандардың 45 пайызы табысы соңғы бір жылда өзгермегенін айтса, 39 пайызында – жоғыралаған, 16 пайызында – азайған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар