Денсаулық сақтау министрлігі 8 қараша күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 909 адамнан коронавирус, 16 адамнан пневмония анықталған. 32 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз көз жұмған.
Елде ПТР тест арқылы анықталған коронавирус жағдайларының жалпы саны 950 539-ға жетті. Оның ішінде 12 291 адам індеттен көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сай, 80 372 адам пневмония жұқтырған. 5073 адам қайтыс болған.
9 қарашадағы мәлімет бойынша, 39 705 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 7 317 пациент стационарда, 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 520 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
9 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 432 406 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 7 702 738 адам II компонентін салдырған.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары "Сары" аймақта. "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Пікір қалдыру