Африкадағы Нигер елінің оңтүстігіндегі мектептердің бірінде өрт шығып, 25 оқушы қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си.
8 қараша күні таңертең Нигердің Маради аймағында болған.
– Маради қаласында саманнан тұрғызылған мектеп ғимараты өртеніп, 25 оқушы мерт болды, тағы 80 оқушыны қатты күйік шалды. Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр. Мектептегі барлық сабақтар тоқтатылды, – деді өңірдің мэрі Маради Чайбу Абубакар.
Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған балалар автокөлікпен ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр.
Пікір қалдыру