РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Париждегі «Норман Квартеті» атты саммиті аясында украиналық әріптесі Петр Порошенкомен бөлек кездесуі Владимир Путиннің жоспарында мүлдем жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы news-front.info-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұрынырақта, Украина президенттік әкімшілігінің орынбасары Константин Елисеев Киев тарапының Путин мен Порошенко арасында өтетін екіжақты кездесуін қарастырып жатқанын айтқан болатын. Бірақ, Песков мұны жоққа шығарып, Ресей тарапының аталмыш кездесу жөнінде өтінбегені жөнінде мәлімдеме жасады.
Төрттіктің бүгінгі кездесуі жөнінде «Қамшы» порталы алдыңғы жаңалықтарында жазған болатын. Мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз (http://qamshy.kz/home/show/1694).