Әлеуметтік жаңғырту 14 және 15-тапсырмалар

/uploads/thumbnail/20170708195432300_small.jpg

14-ші ТАПСЫРМА

ҚР Үкіметі:

2013 жылдың 1 шілдесіне дейін, егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені  үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттесін;

2012 жылдың аяғына дейін, емдік құрал­дарды пайдалануға қатысты тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттырудың пәр­мен­ді тетіктерін енгізсін. Әрбір қазақстандық саламатты  өмір салтынсыз, тамақты тарта ішпейінше, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс.

Бұл - өмірдің ащы шындығы. Егер біз Қазақстандағы орташа өмір жасы Еуропадағыдай болғанын қаласақ, онда өзіміздің денсаулығымыз туралы ойлануға тиіспіз.

Әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау жөн. Елдің оқу орындарында дене тәрбиесінің оқудан  тыс сабақтары мен секцияларын кеңейту керек. 

15-ші ТАПСЫРМА

- ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз етсін;

- Қазақстан Үкіметі Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасасын.

Қазақстандық жанкүйерлер еліміздің Континенттік хоккей лигасына қатысуын ықыласпен қабыл алды.

Астаналық «Барыс» командасының әрбір ойыны жұртшылықтың зор қызығушылығын туғызуда. Балалар хоккейге бүкіл сыныбымен келетін болды.

Бұл практиканы спорттың басқа түрлеріне де орайластырып кеңейту керек.

Қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысу мүмкіндігін зерттеу қажет. Мәселен, футболда.

Бірақ, ең бастысы, тағы да қайталаймын -  адамның өзінің өз денсаулығы мен тұрмыс салтына деген жеке көзқарасы.

Бұл жерде ешкімді мәжбүрлеу мүмкін емес. Бұл саналы ойластырылған жеке таңдау болуы тиіс.

Бүгінде сол сияқты Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін ұсыну қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар