Жаңа қаулы: "Көк" статусы барлар енді сауда үйлеріне кіргізілмейді

/image/2021/11/12/crop-193_12_606x808_f08180e52b7e3e99e9c792b385a.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сарқат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Оған сай, 15 қарашадан бастап сауда және ойын-сауық орталықтарына жұмыс және демалыс күндері тек "жасыл" статус барлар ғана кіре алады.

"Сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі болған жағдайда (толық вакцина алған, 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) штаттық жұмыс кестесіне сай, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы карантин талаптарын сақтай отырып қызметін жалғастырсын" делінген қаулыда.

Алайда олар штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауы тиіс екені айтылады.

Қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар