18 қараша, сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы “Дипломат” қонақ үйінің “Бәйтерек” мәжіліс залында (Қонаев көшесі, 29/1) Қазақ шаруаларының І Құрылтайы өтеді.
Ауылшаруашылық саласындағы көп мәселе күрделеніп бара жатқаны жасырын емес. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, жалпы Қазақстанның біраз бөлігіндегі қуаңшылық, жұт жағдайы тіптен асқынып кетіп, елді алаңдатып отырғаны да белгілі.
«Құрылтайдың мақсаты – шаруа мен билік арасындағы байланысты жандандыру. Екі жақты мәмілеге келу. Басқа саясатта ісіміз жоқ!», – деп ауылшаруашылық эксперті Алмасбек Садырбаев өз парақшасында жазды. Сондай-ақ құрылтай аясында төмендегі тақырыптарды талдаймыз, шешім іздейміз деп атап өтті:
1. Маңғыстаудағы жұт. Оның салдарымен күресу;
2. Түркістан, Жамбыл облыстарындағы субсидия дауы;
3. Астық өңдеу мәселелері және жемнің бағасына әсері;
4. Майлы дақылдарды өңдеу мәселелері;
5.Жүн өңдеу мәселесі;
6. Ауылшаруашылық саласын субсидиялаудағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері;
7. Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамыту;
8. Несиелер пролонгациясы механизміндегі шалалықтар;
9. Ауылшаруашылығын қаржыландыру және несие пролонгациясы мәселесі;
Бұл Тәуелсіздік алғалы бері үлкен көлемде өтейін деп отырған I Құрылтай. Президент Әкімшілігінен бастап, министрлерге, партия басшыларына, танымал қоғам өкілдеріне, зиялы қауымға, журналистер мен блогерлерге, экологтарға дейін шақырту жіберілетінін және қатысамын, келіп көремін, сөйлеймін деген азаматтарға шектеу қойылмайтынын да тілге тиек еткен.
Эльенора Әмір
Пікір қалдыру