Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1038 адамнан коронавирус, 43 адамнан пневмония анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
14 қарашадағы дерек бойынша бір күнде 15 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.
Елде ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың ресми саны 957 537-ға жетті. оның ішінде 12 434 адам індеттен көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері 81 182 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 5097-і қайтыс болған.
Індетке шалдыққандар арасында 520 адамның жағдайы ауыр, 120 пациенттің жағдайы өте ауыр, 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, 2021 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары – "Сары" аймақта. Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.
15 қарашадағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 539 432 адам, II компонентін 7 817 732 адам салдырған.
10 қараша күні түнде Қазақстанға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Келісім шеңберінде Қазақстанға вакцинаның 4 млн дозасы әкелінбек.
Вакцина 12 жасқа толған балалар мен жүкті әйелдерге салынады деп жоспарланған.
Пікір қалдыру