Қаратау ауданындағы көп қабатты үйлердің 74 пайызы жаңа басқару жүйесіне көшті

/image/2021/11/16/crop-78_6_581x774_115916251600.jpg

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары 10 аумақ бойынша атқарылады. Ауданға бекітілген 4 мердігер ұйым тарапынан 85 шақырымдық ирригациялық жүйелер тазартылып, 10 мың түп ағаш көшеттері күтімге алынған. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында 74 қоқыс алаңшасында 245 қоқыс контейнері қойылған.

Көшелерге құрылысқа қажетті материалдарын тастап, қозғалысқа кедергі келтірген тұрғындарға қатысты 80 хаттама толтырылып, 1,6 млн. теңге айыппұл өндірілген.

Аулалардың таза болуы көп жағдайда тұрғындардың өздеріне байланысты. Тазалық жұмыстарының тұрақты атқарылуы үшін тұрғындар мен тазалық қамтамасыз етуші ұйымдар арасында құқықтық қатынас болуы қажет. Бұл бағытта тұрғын үй қатынасында жаңа басқару жүйесі енгізілген.

Аудандағы жалпы 384 көпқабатты тұрғын үйде 10 мүлік иелерінің бірлестігі және 273 қарапайым серіктестік құрылды. Тұрғындар осы жүйе бойынша өз аулаларындағы тазалық жұмыстарын қадағалауға мүмкіндік алды.

Аудан әкімі А.Аликуловтың есебінде баяндалған осы мәселелерге кеңінен тоқталған қала басшысы Мұрат Әйтенов қаламызды таза ұстау – стратегиялық міндет екенін айтты. Тәртіп болған жерде тазалық болатынын ескертіп, тәртіпті орнықтыруда жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырды. Тұрғын үй қатынасындағы жаңа форматты халыққа түсіндіруде тиімді тұстарын нақты деректермен түсіндіруді жүктеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар