Жамбыл облысында дауыл бір баланың өмірін қиды

/image/2021/11/18/crop-129_-3_710x946_1a28597482066671ca030c92c0561877.jpeg

Жамбыл облысындағы дауыл салдарынан 17 жастағы бала көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2004 жылғы бала үй шатырынан құлап, оқиға орнында қаза болған.

Жамбыл облысында қатты желден барлығы 53 адам зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

17 қарашада Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлаған. Қатты жел электр желілерін зақымдап, ағаштарды құлатқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар