Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айына азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтты.
– Бұл сұрақ журналистерді неліктен қызықтыратынын білмеймін. Бізде жұрт сияқты өмір сүреміз. Менің отбасымда азық-түлікке басқа жанұялар сияқты жұмсайды. Әрине бір айға 50 мың теңге жетпейді. Айына 200 мың теңге жұмсаймыз, – деді ол сенат отырысында.
Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиевтың 5 баласы бар.
Бұған дейін, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ай сайын отбасы азық-түлікке 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан.
Сонымен қатар министр жаңа жылға қарай елде азық-түлікте қымбатшылық байқалатынын хабарлаған.
Пікір қалдыру