Нұр-Сұлтанда Боталы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай 19 қарашада болған.
"Өрт сөндірушілер келген соң 18 қабатты "Европейский" тұрғын үй кешенінде №1 кіреберісте 10-нан 18-қабатқа дейін шахтада электр сымдары жанғаны анықталды. Жалын сағат 16:14-те оқшауланып, 16:17-де сөндірілді" деп хабарлады елорданың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер 6 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялаған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан үйден көмек сұраған адамдардың даусы естілген. Қазірге дейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Пікір қалдыру