Шымкент қаласы Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Аналар ұлағаты – ұрпаққа аманат» тақырыбында жастармен кездесуі өтті.
Кездесуде қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы Шымкент қалалық Еңбекші аудандық Аналар кеңесінің мүшелері Алшынова Ынтызар, Жақсылықова Айжамал, Нұрғалиева Алия, т.б. сөз сөйледі.
– Қазіргі заманауи прогрестің күн санап қарқынды түрде алға жылжуы, қоғамда бұрын қалыптасқан пікірлер мен стеротиптердің өзгеруі, мәдениеттер мен салт-дәстүрлердің уақыт талабына сай ықшамдалуы, ғаламтордағы сұрыпталмаған ақпараттардың қолжетімділігі, желік қуған жастардың әлеуметтік желілерде сағаттап отыруы, ата-аналардың өз деңгейінде бала тәрбиесіне назар аудармауы, бұрыннан ұлттық тәлім-тәрбиенің өзегі саналатын ата-әже сынды қоғамдық институттың әлсіреуі секілді факторлар жас буынның тәрбиесіне айтарлықтай ықпал етуде – деді өз сөзінде Еңбекші аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Ы.Алтанова.
Осы бағыттағы кездесу сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық жастар ресурстық орталығында да ұйымдастырылды.
Кездесуде аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Барлыбаева Тұрсынай, мүшесі Ақжігітова Ұрзада, Халилаева Райхан, т.б сөзге шықты. Кездесу барысында алуан ой-пікірлерге кезек беріліп, ән-жырдан шашу шашылды.
Пікір қалдыру