Қасым Аманжол: Тоқаевты президент деп санамаймын

/image/2021/11/19/crop-124_13_657x876_6197802594bc7461232554.jpeg

Белгілі журналист Қасым Аманжол президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікке түрлі манипуляциямен келген деген пікірде. Бұл туралы ол  «Qasqa Jol» ютуб каналына берген сұхбатында айтты.

– Мен ол адамды (Қ.Тоқаев - ред.) президенттік орынға түрлі манипуляциялармен келген адам деп есептеймін. Себебі ол адамды Назарбаевтың өзі орнына мұрагер ретінде тастап кетуі де, 1,5 айдан кейін  іле-шала өткен сайлау да, мұның бәрі көптеген заңбұзушылықтармен болды. Сол себептен оның заңдық күші мен үшін жоқ. Бірақ ол факт бойынша президент. Енді басқа елдің президенттері мойындады. Президенттік орында отыр, президенттік шешімдер қабылдап жатыр.

Сондықтан оны президент дейсің. Мен өзім жеке Қазақстан азаматы ретінде,  осындай үлкен манипулациялардан кейін билікке келгендіктен оны "президент" деп есептемеймін.

Қоғамда осы қазіргі биліктің 30 жыл бойы жүргізіп келген саясатына үлкен күмәнмен қарайтын, әбден бір ғана адам мен бір әулеттің билеп  отырғанын мойындағысы келмейтін ар-ұяты бар азаматшыл қоғам мен азаматтар бар екеніне сенемін. Ондай азаматтар көп деп ойлаймын, – деді Қасым Аманжол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар