Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1047 адамнан коронавирус, 132 адамнан пневмония анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
18 қарашадағы дерек бойынша 20 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.
Елде ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың ресми саны 962 781-ге жетті. Оның ішінде 12 537 адам індеттен көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері 81 854 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 5112-ы қайтыс болған.
Індетке шалдыққандар арасында 488 адамның жағдайы ауыр, 133 пациенттің жағдайы өте ауыр, 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, 2021 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары – "Сары" аймақта. Алматы, Атырау, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.
20 қарашадағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 620 968 адам, II компонентін 7 929 289 адам салдырған.
Пікір қалдыру