Қасым Аманжол: Тоқаев келгелі халық кедейленіп кетті

/image/2021/11/20/crop-20_18_701x935_d84.jpg

Белгілі журналист Қасым Аманжол  «Qasqa Jol» ютуб каналына берген сұхбат барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігіне баға берді.

– Екі жарым жылда Қазақстандағы әлеуметтік жағдай өте құлдырап кетті. Енді рас, айналасындағы пиарщиктер түрлі заңдарға өзгеріс енгізді. Олар демокртикалық бағытта жылжыдық деген сияқты мәселелер айтуы мүмкін. Ауыл әкімдерін сайладық, митингілерді өткізуге рұқсат емес, жәй ғана ескерту берсе жеткілікті деген сияқты нәрселер айтып жатыр. Оның барлығы сыртқы көрініс ғана екендігін көріп отырмыз. Бірақ, әлеуметтік жағдай қатты нашарлап кетті ғой. Халықтың әлеуметтік жағдайы, кедейшілік жағдайы өте қиын. Қазір халық шынымен қатты кедейленіп кетті. Адамдардың қазір айлығы, шайлығына жетпей отыр. Тіпті қазір ішер ас, киер киімге жарымай отырған адамдар өте көп. Халықтың жағдайы өте қатты қиындады. Оның көрінісі біз үнемі үздіксіз көрсетіп келе жатқан көпбалалы әйелдердің наразылықтары. Олардың наразылықтары әлі басылмай келе жатыр. Көпбалалы әйелдер құдайдың құтты күні зар илеп, Ақорданың алдына қарай ұмытылады, – дейді журналист.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар