Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәулесіздігі 30 жылдығының қарсаңында А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта кезекті сенбілік өтті.
Оған саябақ жұмысшыларымен бірге қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары, «Жасыл ел» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы еңбек жасақтары, діни бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Тазалық шарасына қатысушылар жасыл аймақтарды, арық-атыздар мен жаяу жүргінші жолдарын күзгі жапырақтар мен қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, олар дендросаябақ аумағына ағаш отырғызды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тұрғындарды шаһар тазалығын сақтауға, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын, үй маңы мен көше бойларын таза ұстауға шақырады.
Пікір қалдыру