Денсаулық сақтау министрлігі 25 қараша күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты мәлімдеді.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 971 адамнан коронавирус, 92 адамнан пневмония анықталған. 24 қарашада 13 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.
26 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 696 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 857 пациент стационарда, 21 839 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 422 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта.
Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
24 қарашадағы мәлімет бойынша 8 690 377 адам вакцинаның I компонентін, 8 024 665 адам II компонентін салдырған.
Пікір қалдыру