КВИ. Тағы 24 адам қайтыс болды, 1 өңір “қызыл” аймақта

/image/2021/12/03/crop-135_7_439x585_180b9a41f7867296a2aa30c1d31b45e2.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі 2 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 724 адамнан коронавирус, 14 адамнан пневмония анықталған. 1 желтоқсанда 18 адам коронавирустан, 6 адам пневмониядан көз жұмған.

03 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 884 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5199 пациент стационарда, 19 685 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 373 адамның жағдайы ауыр, 93 пациенттің жағдайы өте ауыр, 55 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "Қызыл" аймақта.

Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

3 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 759 935 адам вакцинаның I компонентін, 8 141 461 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар