COVID-тің жаңа штаммы. Египеттен 3 мыңға жуық қазақстандық шұғыл жеткізілмек

/image/2021/12/03/crop-140_69_335x595_kair.jpg

Коронавирустың жаңа "Омикрон" штаммының пайда болуына байланысты 3 желтоқсанынан бастап Египетке әуе қатынасы тоқтатылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Әуе компанияларының ақпараты бойынша бүгінгі таңда Египетте 2800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 2021 жылғы желтоқсанның 3-10 аралығында аталған елге жеткізіледі.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігедің 2021 жылғы 30 қарашадағы №51 қаулысына сәйкес Египеттен келген жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, Қазақстан мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап мерзімі 72 сағаттан аспаған COVID-19-ға ПТР тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуге тиіс.

Сондай-ақ вакцина салдырған және тиісті анықтамасы бар болса да, 7 күнге оқшаулануы керек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар