Денсаулық сақтау министрлігі 4 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 695 адамнан коронавирус, 95 адамнан пневмония анықталған. 3 желтоқсанда 15 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.
5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 325 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 882 пациент стационарда, 19 443 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 363 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр, 61 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
5 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 778 757 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 8 176 988 адам II компонентін салдырған.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, Солтүстік Қазақстан облысы "Қызыл" аймақта, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары "Сары" аймақта. "Жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Пікір қалдыру