Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбіде Үндістанға аттанды. Ресей мен Үндістан әскери және энергетикалық байланыстарды нығайтуға тырысады.
Бұған дейін күшейіп келе жатқан Қытай мәселесін шешуге тырысқан Вашингтон Үндістан, Жапония және Австралиямен "QUAD" қауіпсіздік диалогын құрған. Бұл – Бейжің мен Мәскеу үшін алаңдаушылық тудырған.
Үндістан қырғи-қабақ соғыс кезінде Кеңес Одағымен жақын байланыста болды, Нью-Дели оны "ерекше және пайдалы стратегиялық серіктестік" деп атады.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қыркүйекте өткен виртуалдық саммитте Путинге "Үндістан мен Ресей арасындағы достық уақыт сынынан өтті" деа айтқан.
Пікір қалдыру