Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жалақысының мөлшерін айтты. Бұл сұраққа ол мәжіліс отырысында жауап берді.
– Бұл – қалыпты ғой, әріптестерімізбен бәріміз шамамен 900 мың теңге көлемінде аламыз, – деді Цой.
Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзге өңірлердегі әріптестерімен бірдей жалақы алатынын айтып, жалақы мөлшерін атамаған болатын.
Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 2 миллион теңгеге жуық қаражат алып жатқанын хабарлаған.
Пікір қалдыру