Алматы облысында Pfizer вакцинасының әсері туралы айтылды

/image/2021/12/09/crop-98_112_601x1069_whatsapp-image-2021-12-08-at-10.16.26.jpeg

Елде 12 жастан бастап жасөспірімдер мен жүкті және омырауда баласы бар келіншектерге коронавирусқа қарсы вакцина салынады деген ақпар желіде желдей ескені сол еді, бұқараның ойы сан-саққа бөлінді, деп хабарлады Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның себебі, «антиваксерлердің» құрастырған «ертегісі» болатын.  Бірі вакцина салдарынан ерте өлім құшамын, екіншісі баламның денсаулығын құртамын деп даурыққаны жасырын емес. Алайда, бұл қатарда «деннің саулығы-басты қағида» дегенді желеу еткендерде жоқ емес. Оған дәлел, 15-қарашадан бастап барлығы 7439 адам «Комирнати» вакцинасының бірінші бөлігін алған.  Оның ішінде, 6075-і 12 мен 18 жас аралығындағы  жасөспірімдер, 336 жүкті және 1028-і лактация кезеңінде әйелдер бар.

Дегенмен, әлі күнге жұрттың, нақтыласақ, ата-аналардың  көкейіндегі сұрақтар сейілмеді. Соның бірқатарына, Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінң басшысы Ерғали Сыдыманов баласының өміріне алаңдаған жандардың жолдаған сұрақтарына жауап берді: 

1. Вакцина алғаннан кейін балада қандай асқынулар болуы мүмкін?

Өндіруші ұсынған ақпаратқа сәйкес, кейбір егілушілерде «Комирнати» вакцинасын алғаннан кейін инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың және бұлшықеттің ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, қызба, инъекция орнының қызаруы, жүрек айну, құсу деген сияқты реакцилар кездеседі. 

2. Вакциналарда қоспалар бар ма? Олардың консерванттары қандай?

«Комирнати» вакцинасына («Пфайзер» компаниясы) арналған нұсқаулыққа сәйкес 1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негізіндегі (липидті нанобөлшектерге инкапсуланған) COVID-19-ға қарсы 30 мкг бар. Сонымен қатар вакцинаның құрамында бір дозаға кемінде 1 ммоль калий (39 мг) және натрий (23 мг) бар, яғни олардың құрамы шамалы ғана. Екпеде  организмде бедеулік немесе мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ. Вакцинадағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрациялар болып табылады. 

3. Баланы вакцинациялаудан қалай бас тарта аламын? 

Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанын ұсынады.Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде толтырылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар