Қос алтынмен оралды

/uploads/thumbnail/20170708195519598_small.jpg

Германияның Одердегі Франкфурт қаласында «Бранденбург кубогы» деп аталатын турнир аяқталды. 17-18 жас аралығындағы 20 мемлекеттен келген 128 боксшының басын қосқан жарыста Қазақ елінің әнұраны екі мәрте шырқалды.

Осы жарыста 52 келі салмақта бақ сынаған Айдос Арапов өзін жақсы қырынан көрсете білді. Бастапқы бәсекелерде барлық қарсыластарын едәуір ұпай айырмашылығымен ұтқан Қос­танай облысының өкілі жартылай финалда ресейлік Роберт Родио­новтан айласын асырса, ақтық айқаста ирландиялық Шанне Флавиннен басым түсті. Коман­далық әріптесінің жеңісті жолын Әділхан Аманқұл жалғастырды. 75 келі салмақта өнер көрсеткен Тараздың тастүлегі шешуші тұста Ресей боксшысы Жамал Мах­мудов пен Францияның мықтысы Луис Тойтинді тізе бүктірді. Осы­лайша, неміс жерінен қазақтың дарынды жастары қос алтын медальмен оралды. 
Жалпы есепте Германия құ­рамасы озды. Жарыс қожайын­дары 5 рет бас жүлдені олжалады. Екінші орында – Қазақстан. Со­дан кейінгі орындарға Ұлыбри­тания, Ирландия және Ресейдің ұлттық құрамалары жайғасты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар