Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры 1,8 млрд теңгеге 688 өтеусіз грант бөлді. Бұл туралы қордың Астана қаласындағы филиалының директоры Исламбек Қайырбеков баспасөз туры кезінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі
«1,8 млрд теңгеге 688 грант берілді, оның ішінде Астана қаласында 56 млн теңгенің 19 гранты бөлінді», - деді ол.
Гранттардың басым бөлігін шағын және орта бизнес кәсіпкерлері алды, олардың арасында экономиканың басымдықты салаларында, өңдеуші өнеркәсіпте жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырғысы келетін жастар, әйелдер, мүгедектер мен 50-ден асқан адамдар болды.
«Егер бұл жобалар ауылдық елді мекендерде, шағын немесе моноқалаларда іске асырылатын болса, қай сала болса да, қолдау көрсетіледі», - деп нақтылады И.Кайырбеков.
Сондай-ақ ол биылғы жылы субсидиялау бойынша 57 өтінім мақұлданып, «Даму» қорының кепілдігімен 30-дан астам жоба кредит алғанын атап өтті.
Пікір қалдыру