Онлайн кредит алу шарттарын өзгерту ұсынылды

/image/2021/12/29/160.jpeg

Мәжілісінің депутаты, "Nur Otan" партиясы Фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев онлайн несие беру кезіндегі қауісіздік шараларын күшейтуге байланыстыр Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрайымы Мадина Әбілқасымоваға депутаттық сауал жолдады.

Депутат ел бойынша онлайн-қызметтердің көбеюіне қатысты интернет алаяқтық өткен жылмен (10,2 мың) салыстырғанда 2 есеге артып, 17,8 мыңнан астам іске жеткенін, бұл істердің аясында 25 мың адам 8,2 млрд теңгеден астам қаржыға зардап шеккенін айтты.

Сондай-ақ ол осыдан 7 ай бұрын халыққа онлайн несие берумен байланысты алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін көтеріп, арнайы депутаттық сауал мен нақты іс-шаралар тізбегін ұсынылғанына қарамастан, қабылданған іс-шаралар тізімі әлі де, агенттік тарапынан жұмыс бірізді жүйеге қойылмағанын аңғартатынын атап өтті.

– Жуырда ғана елордалық тұрғын өзге адамдардың жеке құжаттарын пайдалану арқылы Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларының азаматтарына, олардың қатысуынсыз 10 миллион теңге онлайн-несие рәсімдеген. Азаматтардың сеніміне заңгерлік көмек көрсету арқылы кіріп, олардың жеке ақпараттарына ие болған. Одан бөлек, алматылық жас азамат Kcell телефон операторы тұтынушыларының атынан 2 миллионнан астам теңгені құрайтын 5 заманауи смартфонды онлайн рәсімдеген. Бұл екі мысалдың сорақылығы, мүдделі азаматтың қатысуынсыз, яғни оның жеке деректерін пайдалану арқылы несиенің рәсімделуінде. Өздеріңізге мәлім, 2019 жылдан бастап кез-келген тұрғын өзінің SIM картасын ЖСН нөмірі арқылы өз атына тіркеу міндеттелген. Соған қарамастан, алаяқтар үшінші адамға өзге нөмірді қолдану арқылы аталған қылмысты қиналмай орындап келеді. Жоғарыдағы көрсетілген нақты мысалдар жеке тұлғаны сәйкестендіру рәсімдерін реттеу жүйелерінің толық пысықталмағанын көрсетіп тұр, –  деген депутат жауапты мемлекеттік органдарға клиенттің сәйкестендіруін анықтауды күшейту бөлігі бойынша онлайн несиелер берудегі рәсімдерге қосымша төмендегідей ұсыныстар енгізуді сұрайды.

– Біріншіден, Агенттікке тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп онлайн кредитті рәсімдеу барысындағы оның жеке деректері мен телефон нөмірінің оператор желісімен индентификация жасалуын енгізуді; Сондай-ақ, тез арада барлық микроқаржылық ұйымдардың «Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының» ақпаратымен идентификация жасауды ұйымдастыруды сұраймыз. Екіншіден, көтерілген мәселенің қауіптілігін ескере келе, Бас прокуратура және тиісті құқық қорғау органдарымен бірлесе интернет-алаяқтықты жою бойынша жедел әрекет ету қадамдарын ұйымдастыруды сұраймыз, – деді ол.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар