«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында Жамбыл облысының Сарысу ауданынан шығатын өнім көлемі 106%-ға жеткен. Бұл туралы "Қамшы" плорталы Baq.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оған үлес қосып жүргендердің бірі Бақытжан Тамаев. Ол мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында пластик есік-терезе шығаратын қосымша цех ашып алған. Қазір шағын кәсіпорын жергілікті сұранысты қамтамасыз етіп отырған бірден бір кешен. «FTM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылысқа қажетті заттар дайындалады. Мұнда үй жиһаздары, темірден қақпа, шарбақ жасайтын бірнеше цех жұмыс істейді. Соңғы кездері пластик материалдан жасалатын құрылыс заттарға сұраныс жоғары болғандықтан кәсіпкер осыған ден қойған. Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген несие алып, қажеттінің бәрін алды.
Бақытжан Тамаев, кәсіпкер: - Биыл тағы да осы банктерден тура осы бағдарлама бойынша 10%-ы субсидияланатын 12,8 миллион несие алдық. Қытай мемлекетінен құрал-жабдықты алып келдік. Жүргізіп жатырмыз. Шетелден әкелген заманауи құрылғы жартылай автоматтандырылған. Қытайлық мамандар жергілікті жұмысшыларды бір аптадай оқытып, техниканың тілін үйреткен. Қазір мұндағы жұмысшылар отандық өнім шығарып, жергілікті сұранысты қамтамасыз етіп отыр. Қазір шағын цехта күніне 10-нан астам есік-терезеге дейін дайындалады. Тапсырыс түссе, өнім көлемін екі еселеуге мүмкіндік бар. Жалпы ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында еңбек етіп жатқан 1256 жеке кәсіпкер, 95 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, малшаруашылығымен айналысатын 529 шаруақожалық бар.
Жұмат Сахыпбеков, Сарысу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы: - Аудандағы жалпы шағын және орта бизнестің бүгінгі күнге жыл басынан бергі 8 айдағы өнім көлемі 1 млрд 715 миллион теңгені құрап отыр. Бұл былтырғы жылмен есепті кезеңмен салыстырғанда 106%-ды құрады. Соңғы екі жылда Сарысу ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 17 жоба іске асырылды. Оған 135 миллион теңге несие берілген.
Пікір қалдыру