Бүгін елордада жалпықалалық сенбілікке 100 мыңға жуық адам қатысады

/uploads/thumbnail/20170708195530952_small.jpg

Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді. Шараға 100 мыңға жуық адам, 450-ден астам техника жұмылдырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аумақтар тазартылып, ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылады.

Айта кетейік, сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректердің 4 мыңға жуық көшетін отырғызады. Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтбаев (Мирзоян) көшесіне дейін қалалық әкімдік пен мәслихат өкілдері, Кәсіпкерлер палатасының, ҚР Ішкі істер министрлігі, Әзірет Сұлтан мешітінің өкілдерінің қатысуымен 700-ге жуық көшет егіледі. Байтұрсынов көшесінің бойына Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін 400-ге жуық көшет, Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданында Талғар, Таскескен және Сартау көшелеріне 500 ағаш отырғызылады. «Алматы» ауданында Тәуелсіздік даңғылы,  Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев көшесі,  Қалдаяқов көшесі, Байтұрсынов көшесі, Нәжімеденов көшесі, Бараев көшесі, Кравцов көшесі, 46-шы көше, Тәшенов көшесінде ағаштар ағартылады.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінің, ҚР Жоғарғы сот өкілдерінің қатысуымен Орынбор көшесінен Хусейн бен Талал көшесі, № 31 көшеге дейін ағаш отырғызылмақ. Бұл жерде 1,5 мыңға жуық көшет егіледі. Сондай-ақ «Арай» саябағында 80-ге жуық ағаш отырғызылады. Тұран даңғылы, Қонаев көшесі, Қорғалжын тасжолынан Қабанбай батыр даңғылы, Бейсекова көшелерінде ағаштар ағартылады.

«Сарыарқа» ауданында 1,1 мыңға жуық көшет отырғызылмақ. Бұл жерде БАҚ, қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және студенттер қатысады. Н. Тілендиев көшесі, Бабатайұлы көшесі, сондай-ақ Көктал тұрғын алабында көшеттер егіледі.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Астана қаласы аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар