Алматыдағы митинг: қазір не болып жатыр?

/image/2022/01/05/crop-94_4_441x588_7f6e1a4b6a154804b8f4f9db275779bb.jpeg

Жаңаөзенде сұйытылған газ құнының қымбаттауына байланысты басталған халық наразылығына Алматы тұрғындары да қосылды.

4 қаңтар кешке қарай Алматы Арена спорт кешені маңында бірнеше мың адам жиналып, біртіндеп орталық алаңға қарай жылжыды. Наразы топқа жолай адамдар қосылып алаңдағы адам саны бірнеше есеге артты. Осы кезде қала бойынша интернет байланысы үзіліп, бірнеше сағаттан кейін 5 қаңтарға қараған түнгі бірлерден кейін қосылды.

Осы аралықта шерулеткен топ Алматының орталық алаңына жетіп үлгерді. Кей бейресми деректерде олардың саны 40 мыңнан асқаны айтылады.

Тәртіп сақшылары наразылық білдірушілерге қарсы жарық-дыбыс гранаталарын қолданды.

Қала әкімдігінің ғимаратын полиция мен арнайы жасақ қоршауға алған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Алматыдағы Республика алаңында бірнеше полиция көлігі өртенген. Қала орталығында гранаталардың дыбысы естіледі.

Мәліметтер нақтылануда.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасап, азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауды сұраған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар