Халық наразылығы. Тәртіп бұзушылық салдарынан келген залал мөлшері белгілі болды

/image/2022/01/05/crop-17_23_699x1242_ef955bc6-ff8e-4f15-b4c5-3e83a2448e0d.jpeg

Ішкі істер министрлігі  елдегі халық наразылығы кезіндегі тәртіпсіздіктен келген залал туралы мәліметтерді жариялады.

"Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасап, әйнектері мен есіктерін сындырды, басқа да материалдық залал келтірілді.

Тастарды, таяқтарды, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары орын алды" делінген министлік мәлімдемесінде.

Тәртіп бұзушылар ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттарын келтірген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген.

"Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды" деді министрліктегілер.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар