Жаңаөзендіктер билікке 5 талап қойды

/image/2022/01/05/crop-7_180_435x774_ca6a361b-408f-4987-aa8f-ccd28ff66a6b.jpeg

Жаңаөзен қаласында болып жатқан халық наразылығында алаңға жиналғандар билікке 5 саяси талап қойған. Бұл туралы Orda.kz басылымының журналисі Күлтегін Аспанұлы мәлім етті. Жаңаөзендіктер талабы төмендегідей:

1. Жүйе ауыссын;
2. Әр облыс пен қала әкімін халық сайласын;
2. 1993 жылғы Конституция қайтарылсын, өзгерсін;
4. Азаматтық белсенділер қудаланбасын;
5. Билікке революциямен ауысқан деп танылатын жүйеден тыс адам келсін;

"Жаңаөзенде Ақсақалдар алқасы құрылатынын мәлімдеді. Сағат 14.00-де алаңда шамамен 12 мыңнан аса адам тұр. Көпшілік мобильді және сымды интернетті қалпына келтіруді сұрады.

30 жыл ішке жұтқан күйікті наразылықтың республика көлемінде сипат алуына түрткі болған Жаңаөзендегі жұрт мәдениетті тұр. Шам әйнегін шақпайық, талабымызды сауатты жеткізейік деген үлкендер мен жұрттың тәжірибесі бары байқалады. Өзге 16 аймақтағы жағдай азаматтық жауапкершіліктен шығып бара жатқан тәрізді. Бұзақылық мен белсенділіктің парқын біліп, адекват болсақ екен" дейді журналист.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар