Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жария етілмейді.
Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев көпшілікке "Дикий Арман" лақап атымен танымал.
7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған.
Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленген.
"Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. Бейресми ақпараттарға сүйенсек ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.
Пікір қалдыру